BasNewsЖаңалықтар

Мароккода төрт күннен бері бес жасар бала құдықта отыр

БАҚ-тың хабарлауынша, бала тірі, бірақ басынан жарақат алған. Құдықтың жоғарғы жағынан оған су мен тамақ жіберілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Марокконың солтүстігінде құтқарушылар төрт күн бұрын 32 метрлік құдыққа құлаған бес жасар балаға жетуге тырысып жатыр. Бұл туралы жергілікті Hespress газеті хабарлады.
Оқиға Марокконың Шефшауэн деген шағын қаласында болды. Райян есімді баланы құтқару операциясы төрт күннен бері жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарын топырақ эрозиясы қиындатып отыр. Құтқарушылар асқан сақтықпен жұмыс істеп жатыр, себебі баланың үстін топырақ басып қалмауы керек.
Огромное отверстие, прокопанное рядом с колодцем

Оқиға орнында полиция және жедел жәрдем қызметкерлері көмекке әзір тұр. Баланы алып шыққан бойда тікұшақпен жақын қаладағы ауруханаға жеткізеді.

Баланың әкесінің айтуынша, ол ұлы жоғалып кеткеннен кейін бірнеше сағат оны іздеген, содан кейін құдыққа түсіп кеткенін түсінген.

«Баламның аман-сау құтқарылуын Құдайдан тілеп отырмын. Құдайым, осы шаңды шұңқырда жағдайын ауырлата көрме», – деді жергілікті телеарнаға берген сұхбатында баланың анасы Вассима Харшиш.

Кеше еріктілер құдықтың ішіне жіп арқылы оттегі мен суды түсірген.

«Мен баламен сөйлестім. «Мені естіп тұрсың ба?» – деп едім, бала жауап берді. Камера арқылы 1 минуттай қарап тұрдым, бала оттегіні қолына алды», – дейді Қызыл Крест және Жарты Ай еріктісі Имад Фахми.

Оған дейін құтқарушылар құдыққа камера түсіріп, баланың жағдайын бақылап отырды. Үлкен биіктіктен құлағанына қарамастан бала есін жоғалтпаған, тек басында аздаған жарақат бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button