BasNewsЖаңалықтар

Шымкенттік полицейлер көшеде ән айтып, әйелдерді құттықтады (видео)

Қазнетте Шымкенттегі Арбатта әнші полицейлер түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Видеода екі полицейдің ән айтып жатқаны көрінеді. Біреуі гитарада ойнайды.

Тұрғындардың айтуынша, полицейлер сол маңды күзетеді екен. Куәгерлер бұл видеоның 4 наурызда түсірілгенін айтады.

Сондай-ақ, куәгерлер тұрғындардың өздері сонда жиналып тұрғанын айтады. Осылайша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдерді 8 наурызбен құттықтамақ болған екен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button