BasNewsЖаңалықтар

«СолҚазЭнерго» АҚ бас директоры ұсталды

1 сәуірде «СолҚазЭнерго» АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес «СолҚазЭнерго» АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында», – деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш құбырдың бірі құлаған болатын. 22 наурызда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы «Мiндеттерiне адал қарамау» бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен.

Back to top button