BasNewsЖаңалықтар

Ұлттық банк «шетел валютасын айырбастауға тиым салынды» деген ақпаратқа түсініктеме берді

ҚР Ұлттық банкі шетелдік валютаның қолма-қол айырбастау операцияларына бүтіндей мораторий жариялады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы @financekaz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ешқандай да мораторий немесе шетелдік валютаның қолма-қол айырбастау операцияларына тыйым салу туралы мәселе көтерілген жоқ, ол мүмкін де емес, – деді Ұлттық банк.

Мұндай жалған ақпараттарды халықты дүрбелеңге салу үшін еріккендер немесе бүгін биржаның жабық кезін пайдаланып, шетелдік валютаның сатылымына сұранысты алыпсатарлық жолмен тудыруды мақсат етушілер таратады.

Босқа алданып қалмаңыз! Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы операциясына бір Ұлттық Банктің бұйрығымен тыйым салу заң жүзінде мүмкін емес! Сонымен қатар, мұндай жалған ақпаратты шығарушылар мәтінді қалай болса солай жаза салады, сондықтан ондағы қаріпке, лауазымның аты-жөніне, құжат атауына мұқият зер салыңыздар. Ұлттық банктің Қаулысы, негізінен, мүлде басқаша толтырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button