BasNewsЖаңалықтар

Текеліде сел кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыз өлі табылды

Алматы облысының Текелі қаласында батпақ селдің ағуы кезінде жоғалып кеткен 5 жасар қыз өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«15 мамырда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД «Багира» атты қызметтік итімен Алматы облысының Текелі қаласында лай массасының ағуы кезінде қаза тапқан 2016 жылғы қыздың денесі үйінді астынан табылды», – деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кеткенін жазған болатынбыз. 

Back to top button