BasNewsЖаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет” 17-19 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте Қара Теңіз ауданынан ауысатын циклон, еліміздің ауа райын анықтайтын болады. Осыған байланысты еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр күтіледі: 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Back to top button