BasNewsЖаңалықтар

Текелідегі лай көшкіні: Зардап шеккендерге тұрғын үй беріледі

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Текеліде лай көшкіні кезінде көз жұмған қыздың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге уәде берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі
«Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала көз жұмды. Жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жаны жәннатта болсын!», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
15 мамыр күні сағат 12:00-де Текелі қаласында топырақтың артық ылғалдануынан тау баурайының етегінде орналасқан тұрғын үйлер лай көшкінінен зардап шекті. Көшкін кезінде зақым келген үйлердің бірінде бес жасар қыз көз жұмды.
Back to top button