BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды – республиканың барлық аумағында дерлік жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік жартысының ауа райы солтүстік-батыс циклонымен анықталады, оңтүстік облыстар оңтүстік циклонның ықпалында болады, осыған байланысты республиканың барлық аумағында дерлік жаңбыр жауады деп күтілуде: 19 мамырда -21 – оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20- 21 мамырда – батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады», – делінген «Қазгидромет» РМК-ның хабарламасында.

Болжам бойынша, республикада да күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда жаздың қандай болатынын айтқан болатын.

Back to top button