BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында шөл далада екі күн бойы адасып жүрген жігіт табылды

Түркістан облысындағы Отырар полициясының қызметкерлері екі күн бойы айдалада адасып, қаңғып жүрген азаматты тапты. Жоғалған адамды іздеуге 50 адам қатысты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Облыстық полицейлердің мәліметінше, Түркістан облысы Шәуілдер ауылында бірінші топтағы мүгедек 29 жастағы ер адам жоғалып кеткен.

Туыстары оны бір күн бойы іздеп көргенімен, полициядан көмек сұраған.

«Бүкіл қызметкерлер ер адамды іздеуге жұмылдырылды. Полицейлерге еріктілер де қосылды. Үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер адам екі күннен кейін шөл даладан 20 шақырым қашықтықтан табылды», – деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Back to top button