BasNewsЖаңалықтар

Алматыда бойжеткен полицейлерге пышақ ала жүгірді

Алматы полиция департаменті тапа-тал түсте екі жігіт көлікке күштеп отырғызып кеткен қызды ұстаған видеоға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Куәгер түсірген видео Telegram арналарының бірінде жарияланды. Видеодан екі жігіт қызды көлікке қыстап отырғызып жатқанын көруге болады. Жігіттердің бірі қызметтік куәлігін көрсетеді.

Бұл оқиғаға Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

«Осы азаматқа қатысты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің190-бабы (алаяқтық. – Редакцияның ескертпесі) бойынша екі іс тіркеді. 11 млн теңгеден астам залал келтірген . Тұтқындау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оларға пышақ ала жүгірген», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар қыздың «қосымша тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін» түсіндірді.

Back to top button