BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған 1,5 жасар бала ауруханада көз жұмды

Тоғызыншы қабаттағы терезеден дүкеннің шатырына құлаған кішкентай қыз ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трагедия 15 мамыр кешке Павлодар қаласында болды.

Жедел жәрдем ауыр жарақат алған сәбиді облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

2021 жылы 5 қаңтарда туған қыз ауруханаға «кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ми жарақаты, мидың ісінуі» диагнозымен түсті. Бұған қоса, 3-ші дәрежедегі кома, өкпе, бүйректің травматикалық жарақаты, бауырдың жарылуы, 3-ші дәрежедегі травматикалық шок, ДВС-синдром, ауыр дәрежедегі анемия болды.

Баланың жағдайы өте ауыр еді, ол жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады.

Back to top button