Шымкент: I тоқсанда 11 679 отбасыға отбасыға АӘК тағайындалған

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы аз қамтамасыз етілген отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны бойынша қоғамдық кеңестің отырысында баяндады.
2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды.
2022 жылдың 2 тоқсаны, яғни сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік 4 431 аз қамтамасыз етілген отбасыға (20 762 адам) тағайындалған.
Анықтама:
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2022 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402,3 теңге болып белгіленді .
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.
– 73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Атап айтсақ:
– 44 тұрақты жұмыс орындарына;
– 27 қоғамдық жұмыстарға;
– 2 жастар практикасына.
Айта кетейік, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем. Кедейлік шегі – бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.



