BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды

Маңғыстау облысында қатты жел соғып, үйлер мен ғимараттардың шатыры ұшып кетті. Желден Бейнеу ауылы қатты зардап шекті. Кейбір тұрғындар газсыз қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, Бейнеу ауылында қатты желден Мәдениет үйі мен №3 емхананың шатырлары ұшып кеткен.

Сондай-ақ, Уәли көшесіндегі газ құбырына жартылай зақым келді. Салдарынан төрт жер үй газсыз қалды.

«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мен «Бейнеуэнергосервис»АҚ жұмысшылары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Бұған дейін өңір тұрғындарына жел күшейіп, жаңбыр жауатыны туралы хабар берілген.

Back to top button