BasNewsЖаңалықтар

Рубль бағамы 7 теңгеден асып кетті

Қазақстанда рубль бағамы рекордтық көрсеткішке жетті. 20 мамыр күнгі сауда нәтижесі бойынша 1 рубль 7 теңге 14 тиынға тең, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ресей валютасы алғаш рет 7 теңгеден асқан. Кей ақша айырбастау пункттеріндде рубль 7,40 теңгеге саудаланып жатыр.

Көрші ел валютасы наурыз айынан бастап қымбаттай бастады. Бұл кезде рубль бағамы 4 теңгеден төмен болған. Сарапшылардың пікірінше, рубльдің нығаюына мұнай бағасының өсуі мен Ресейде алдағы уақытта болатын салық аптасы әсер еткен. Сондай-ақ қазір шетел валютасына деген сұраныс төмендеп кеткен.

Back to top button