BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте үш бала көлік ішінде тұншығып көз жұмды

Шымкентте үш бала көліктің жұксалғышында тұншығып қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға 19 мамырда болған, деп мәлімдеді полиция департаменті.
«Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне үш жас баланың автокөліктің жүксалғышында тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғандай ата-анасы болмаған балалар жүксалғышқа көтеріліп, есікті жауып алған содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалған», – делінген хабарламада.
Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмды.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Back to top button