BasNewsЖаңалықтар

Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды басып кетті

Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы «Чечме» өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып өтіп, адамдарды қағып кетті, салдарынан сегіз адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі АКИргеѕѕ-ке сілтеме жасап.

Үрейлі апат сенбіде түстен кейін болған. Тралдың тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.

Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар. Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

Back to top button