BasNewsЖаңалықтар

Баланың денесі қоқыстан табылды: күдіктілер қамауға алынды

Алматы облысы Сарқан қаласында церебралды сал ауруы бар 4 жасар қызды өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті – қыздың анасы мен баланың туған ағасы. Полиция мәліметінше, күдіктілер 4 жасар қызды тұншықтырып, денесін қаладағы қоқысқа тастағанын мойындаған.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдіктілер мүлкін тәркілеумен немесе онсыз 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 19 мамырда Алматы облысында 4-5 жасар қыз қоқыстан өлі табылғаны хабарланған болатын.

Полицейлер бала мен оның анасының жеке басын анықтады. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.

Биыл ақпанда бала ауырып, кенет қайтыс болған. Сондықтан әйел ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.

Back to top button