BasNewsЖаңалықтар

Қонаевта 12 жастағы қызды тонаған қылмыскер ұсталды

Алматы облысында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға Қонаевта болған. 21 мамырда 36 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 12 жастағы қызын тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Мектеп оқушысына көпқабатты тұрғын үй кіреберісінде ересек ер адам шабуыл жасап, ұялы телефон мен құлаққабын тартып алған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 90 мың теңге болғанына қарамастан, полицейлер қорғансыз оқушыға шабуыл жасаған қарақшыны іздестірген. Күдікті қала маңындағы Заречный кентінің 38 жастағы тұрғыны болып шыққан.

«Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Back to top button