BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда 14 қабатты тұрғын үйдің шатырында балалар жүгіріп ойнаған

Ақтауда «Green Park» тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген балалар видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода 17-шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында үш бала жүгіріп жүргенін көруге болады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 мамырда сағат 19:45-те 102 кезекші бөліміне 17-ші шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында балалар ойнап жүргені туралы хабарлама түскен.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанда ешкім болған жоқ. Қазір кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Шатырға кіру жабық», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Back to top button