BasNewsЖаңалықтар

Көкшетаудағы мектепке бомба қойылған: Жарылғыш затты оқушының жасағаны белгілі болды

Көкшетаудағы күні кеше ғана мектептердің бірінде табылған жарылғыш затты сол мектептің оқушысы жасағаны анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, қыздың мұндай қадамға баруына оның дәл сол мектепте оқығысы келмеуі себеп болған.

«Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке оның аталмыш оқу орнында оқуды қаламауы себеп болған», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға қатысты тексеру жұмыстары жалғасады. Ювеналды полиция қызметкерлері қызды профилактикалық есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Көкшетаудағы 2 мектеп-лицейде 24 мамыр күні кешке күдікті құрылғы – сым тартылған қалбыр табылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мен полиция өкілдері құрылғы залалсыздандырды.

Back to top button