BasNewsЖаңалықтар
Сенегал ауруханасында өрт болып, 11 нәресте қаза болды
Сенегал ауруханасында өрт болып, салдарынан жаңа туған 11 нәресте қаза болды. Бұл туралы ел президенті Маки Салл мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
«Мен аурухананың неонатология бөлімінде болған өрттің салдарынан 11 жаңа туған нәрестенің қаза болғанын жаңа ғана білдім», – деп жазды Twitter-де.
Мемлекет басшысы қайтыс болған сәбилердің аналары мен отбасына көңіл айтты.



