BasNewsЖаңалықтар

«Астрахань-Атырау» пойызында нәресте дүниеге келді

Аққыстау-Атырау учаскесінде Астрахань-Атырау бағытындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері жолаушыны босандырып алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Ганюшкино станциясынан шыққан кейін таңғы сағат 5-те Кенжегүлдің толғағы басталды. Пойыз бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинистті хабардар етіп, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақырды», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер – Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.

Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған.

«Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Сәуле Ілиясова.

Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алған.

Кенжегүл Қайырболатова көмек көмек көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді:

«Мен бірінші кезекте бала үшін алаңдадым. Пойыздың барлық қызметкеріне осындай төтенше жағдайда маған көмектескені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қызым өскенде айтып беремін».

Басқа жаңалықтар

Back to top button