BasNewsЖаңалықтар
Атырауда автобус пен ГАЗель соқтығысты
Атырауда жолаушылар автобусы мен Газель соқтығысты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға 29 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Тасқала-3 ауылындағы 18-21 көшелерінің қиылысында болған.
«Екі көлік Тасқала-3 елдімекеніндегі 18 және 21-көшенің қиылысында болған. Жолаушы тасымалдайтын «Daewoo» маркалы автобустың жүргізушісі оң жақта келе жатқан ГАЗель көлігіне жол бермеген. Автобус жүргізушісі жол апатына себепкер болған. ГАЗель көлігі соққының екпінімен аударылып, көшедегі жарық бағанына соғылды», – деді полицейлер.
Апат салдарынан бірнеше адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Полицияның оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



