BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің үйін тонап кеткен

Шымкентте Абай ауданының тұрғыны полицияға арыз түсіріп, бұрынғы күйеуінің пәтерге жасырын кіріп, тонап кеткенін мәлімдеген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әйелдің сөзінше, бұрынғы күйеуі құны 50 мың теңге тұратын алтын жүзігін және құны 30 мың теңге тұратын төрт газ баллонын қолды еткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, оқиға болған орынға жақын маңдағы бейнебақылау камераларын қарап, ер адамның айрықша белгілері бойынша жүрген жерін анықтаған.

45 жастағы азаматты қала аумағында қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындады.

“Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген полиция хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button