BasNewsЖаңалықтар
Мемлекетаралық іздеуде жүрген кәсіпкер ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеу жариялаған Әнуарбек Жексенғалиевті ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
25 сәуірде Қаржылық мониторинг агенттігі Әнуарбек Жексенғалиев пен Еркін Медетбековке іздеу жариялады. Олар мемлекеттік бюджеттен КТС қайтару түрінде 1,1 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Олардың орналасқан жері туралы ақпарат бергендерге ақшалай сыйақы мен анонимдік уәде етілген болатын.



