BasNewsЖаңалықтар
Алматыда екі жасар қыз баладан коронавирус анықталды

Коронавирус инфекциясы анықталған 2018 жылғы бүлдіршін балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді. «Берлин-Минск-Алматы» ұшағы арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылғы кішкентай қыз бала Алматы қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Екінші науқас – 1966 жылы туған азамат Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келген. Ол Алматыда көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды. Үшінші науқас 1956 жылы туған азамат. Ол да Мәскеуден 10 наурыз күні ұшып келді», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.



