BasNewsЖаңалықтар

«Бастау бизнес»: Шымкентте кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн режимде қолжетімді

 «Бастау Бизнес» жобасы аясында өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады. (ЭЦҚ болуы шарт)

Онлайн курсының қатысушылары бола алады:

1) жұмыссыз мәртебесі бар азаматтар;

2) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

3) зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

4) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;

5) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, тұлғалар және төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке меңгерумен айналысады. Оқу толығымен тегін. Оқыту келесі кезеңдерден тұрады: – бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы; – қорытынды тестілеу; – оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.

Онлайн курсы барысында егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% – дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту»  онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 аек көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға  өтінімдер қабылдау басталады.

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

 

Back to top button