BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: 2025 жылға дейін 101 жаңа мектеп құрылысы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы басты міндеттердің бірі жаңа мектептер салу және оларды жайлы, қауіпсіз және қазіргі заманғы білім беру ортасымен қамтамасыз ету болып табылады.

Ел Президенті Қ.ж. Тоқаев халыққа Жолдауында егер шұғыл шаралар қолданылмаса, 2025 жылға қарай мектеп орындарының тапшылығы миллионға жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы жаңа мектептер салу және мектеп проблемаларын шешуге бизнес-құрылымдарды қосу туралы тапсырма берді.

Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасында 1 мың мектеп салу жоспарланған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді жою және апатты мектептер үлесін 0,1% – ға дейін қысқарту күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылып, балаларды оқыту үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасалуға тиіс.

2022 жылы республика бойынша 1003 мектеп жаңғыртылады. 2022 жылы мектептердің 70% – ы пәндік кабинеттермен жабдықталатын болады.

Мегаполисті дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін Шымкентте 86 079 орындық 101 мектеп салу жоспарланған.

Ағымдағы жылы «Қайтпас-1″шағын ауданында орналасқан Әлихан Бөкейхан атындағы 228 орындық бастауыш мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Екі қабатты мектеп ғимаратында 12 мамандандырылған кабинет, оқушылар асханасы, медициналық пункт, спорт залы жабдықталады.

Өткен жылы Шымкентте 11 764 оқушыға арналған 25 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта қала аумағында жаңа 34 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 24 мекемені пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның 20-сы жеке инвесторлар есебінен салынатын болады. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны тоғыздан беске дейін төмендейді.

Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесін 2023 жылы, ал оқушы орындарының тапшылығын 2025 жылға дейін толық шешу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды қалпына келтіру мақсатында, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін «цифрлық мұғалім»жобасы іске асырыла бастайды.

Back to top button