BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан ikomek колл-орталығына түскен арыз-шағымға 100% мерзімінде жауап жолданған

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына 2022 жылдың 6 айы бойынша iKomek колл-орталығына 148 арыз-шағым келіп түсіп, 100% мерзімінде жауап жолданған. Тұрғындардан келіп түскен сауалдардың негізгі дені жер мәселесін, атап айтқанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегі – 76 арыз-шағым, Заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізу – 35, Сыртқы жарнама құрылдары бойынша – 14, Жерге құқық беру құжаттарын дайындау және жер комиссиясы – 7, Сәулет, қала құрылысы (бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша) – 5, Жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару – 2, Мекен-жайды тіркеу бойынша – 5 арыз-шағым қаралып, орындалған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың ІІ тоқсанында келіп түскен  сыни ескертпелер саны – 84 құраса, Басқарманың  Instagram парақшасы арқылы – 57, Facebook желісі арқылы – 27-ні құраған.

2022 жылдың 6 айында қала әкімінің аудандарды аралауы, тұрғындарды қабылдауы барысында және жиналыстарда басқармаға берген хаттамалық тапсырмалардың жалпы саны – 117. Оның ішінде:

– Әл-Фараби ауданын аралауы және тұрғындарды қабылдауы бойынша тапсырмалар саны – 11. Оның орындалғаны – 7, жұмыс барысында – 4;

– Қаратау ауданын аралауы және тұрғындарды қабылдауы бойынша тапсырмалар саны – 14. Оның орындалғаны – 8, жұмыс барысында – 6;

– Абай ауданын аралауы және тұрғындарды қабылдауы бойынша тапсырмалар саны – 14. Оның орындалғаны – 8, жұмыс барысында – 6;

– Еңбекші ауданын аралауы және тұрғындарды қабылдауы бойынша тапсырмалар саны – 6. Оның орындалғаны – 2, жұмыс барысында – 4.

Қала әкімінің төрағалығымен өткен жиналыстарда берілген тапсырмалар саны – 72. Оның орындалғаны – 30, тұрақты бақылауда – 10, жұмыс барысында – 32.

Тұрақты бақылаудағы, жұмыс барысындағы хаттамалық тапсырмалардың басым бөлігі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгерту және жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару, т.б. салалар бойынша.

Аталған салалар бойынша тапсырмалар тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар бюджеттен қаражаттың бөлінуін, оның мәслихат отырыстарында қаралуын қажет ететіндіктен, тапсырма толық орындалғанға дейін тұрақты бақылауға қою немесе орындалу мерзімдерін созу жөнінде басқарма тарапынан қызметтік хаттар жолданған.

Қала аумағында тиісті жоспарға сәйкес, 2022 жылдың 6 айы бойынша құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары қала аумағындағы орталық ірі көшелерінің бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормалары мен заң талаптарын сақтамай өз бетінше салынған (салынып жатқан), СЖТ құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізілген нысандар бойынша жүргізіліп, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хаттармен 300-ге жуық нысан жолданған болатын. Нәтижесінде Басқарма тарапынан жолданған хаттардың негізінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес, 67 295 553 тг. (2021ж. 12 айында 33 000 000 тг. 104%-ға өскен) айыппұл өндіріліп, мемлекет бюджетіне түскен.

Back to top button