BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте аграрлық өнімдерді шетке саудалау екі есе артады

Шымкент жыл басынан бері өзге мемлекеттерге 93 миллион доллардың тауарын сатқан. Ол былтырғы жылдан 30 пайызға көп.  Оның 70 пайызға жуығы терең өңдеуден өтіп, өзіндік құны жоғарылаған заттар. Мегаполис елімізде ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттайтын ірі орталыққа айналды.

Шымкент қаласында 2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16,9 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 84,7% құрады Оның ішінде: Өсімдік шаруашылығы 2,7 млрд. тг НКИ-113,4%, Мал шаруашылығы 14,2 млрд. тг НКИ-81,4%

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 93,2 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Өткен жылғы қаңтар-мамыр – 69,9 млн. АҚШ доллар құрады.  Бұл салада 6,6 мың адам жұмыс жасап, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 4 млн. 169 мың. тг. құрап, өсімі 107,5% жетті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылы мегаполисте 30,0 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақыл- 13,0 мың га, майлы дақыл-3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері -0,1 мың га. Нәтижесінде, 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда, 33,5 мың тонна өнім жиналды.

Ал экспорттық тауарлардың ішінде ұн және одан жасалған өнімдердің үлес салмағы басым. Қалада орналасқан бір ғана макарон фабрикасының өзі тәулігіне 100 тоннадан астам өнім шығарды. Отандық тауар Ресей, Грузия, Қырғызстан мен Өзбекстанға жіберіледі.

Биыл қалада «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы басталды. Мұнда шет ел инвесторларымен бірлесіп сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру ойластырылуда. Сондай-ақ биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі іске қосылатын болады. Жоспар бойынша алғашқы кезеңде индустриялды аймақта құны 9 миллиард теңгеге жуық жобалар жүзеге асады. экспорты 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе артпақ. Қазіргі таңда ниет білдірген 6 жоба бар. Қазір инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл екі жобаның құрылысы басталады. Олар ет өңдеу, яғни шұжық шығаратын үлкен кәсіпорын, екіншісі көкөністі өңдеумен айналысу жоспарда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button