BasNewsЖаңалықтар

Әл-Фараби ауданы: Ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды.

Аудандағы «Сәуле» ш/а. «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстары «Жаңару» ЖШС тарапынан басталып ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда.

Әл-Фараби ауданының аумағы 14 380 га жерді құрайды, халық саны жалпы 207 747 адам, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, оның ішінде (қазақтар 130 546 (62,9%), орыстар 28 915 (13,9%), өзбектер 27 670 (13,3%), т.б. ұлт өкілдері 20 349 (9,9%)  құрайды.

Сонымен қатар, аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула және 15 170 жеке үй, 15 ұлттық-мәдени орталық, 15 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелермен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 13 саябақ, 18 гүлзар, 19 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.

«Сәуле» ш/а. 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, жалпы жұмыстың 95%-ы атқарылды. Аталған жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталып, 100% сапалы электр жарығымен қамтылатын болады.

«Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады. 276-орамынның магистралды табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі жүйелердің құбырларын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.

Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 87% құрайды. Ағымдағы жылы Шолохов көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Хлопзавод көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары 2022 жылғы тамыз айында басталып, қыркүйек айында жұмыстар толығымен аяқталып, қолданысқа беру жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button