Шымкент: Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару алаңдары бақылауда

Бүгін 01.09.2022 жылы Шымкент қаласының Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандар және Қаратау ауданы әкімшілік мамандары тарапынан, аудан аумағында қолайсыз санитариялық – эпидемиологиялық жағдайды болдырмау және тұрғындар арасында қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында:
қалада халықтың тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму жұмыстарымен айналысатын ( «Эко Спец Транс» ЖШС, «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС) ұйымдары және басқада мамандандырылған ұйымдар арасында:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ- 331/2020 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығындағы талаптардың орындалу мақсатында:
- халықтың тұтыну қалдықтарын жинаумен айналысатын мекемелер арасында, қатты тұрмыстық қалдықтарды (әрі қарай-ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға және залалсыздандыруға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді;
- алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршалады;
- ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды (вахталық кенттерді, стационарлық емес объектілер мен құрылыстарды) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылуы тиіс;
- ҚТҚ-ны жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді қолданады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциядағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі;
- ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастыру қажет;
- ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі ауа температурасы 0оС және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспауы тиіс екендігі жауапты мекемелерге түсіндіріліп, санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді.



