BasNewsЖаңалықтар

Министрліктер үйінің жанында ер адам өзін-өзі өртемек болған

Министрліктер үйінің жанындағы Мәңгілік ел көшесінде ер адамның өзін-өзі өртемек болған әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Семейде шығарылған сот үкімімен келіспеген 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болған. Оқиға куәгерлері мен полицейлер қайғылы жағдайды болдырмады», деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button