BasNewsЖаңалықтар

Сегізінші қабаттан құлап, ауруханаға түскен 2 жасар бала қаза болды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

«Көп қабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жіберген хабарламада.

Еске салайық, қайғылы жағдай 6 қыркүйекте М.Жүсіп көшесі, 270-үйде болды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button