Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Жол апаты салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы «Балауса» шағын ауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалған», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.



