Жаңалықтар

«Сергек» – бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларында жалпы саны – 3177 «Сергек» бейнекамералары орнатылған. Сонымен қатар, көшелердің 1677 қиылыстарында автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды бейнебақылаулар жұмыс істеп тұр.

Барлық 3177 «Сергек» камералары Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығына және ҚР ІІМ аумақтық орталығына, сонымен бірге қала әкімшілігінің дағдарыс орталығымен біріктірілген.

2022 жылдың жеті ай 17 күнінде бейнебақылау тобы арқылы – Жедел басқару орталығына қарасты барлық 3177 бейнекамерасының көмегімен 200 қылмыс ашылған. Атап айтсақ, олар: тонау – 9, бұзақылық – 19, автокөлікті заңсыз иелену – 17, ұрлық – 107, басқа да – 48.

«Сергек» жүйесі арқылы – әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз төлеуге мүмкіндігі бар.

Ел аумағында «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы 2022 жылдың 19 сәуірінен бастап, іске қосылған. Осылайша, «Сергек» бейнекамералары қала ішінде жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізумен қатар, қылмыстарды ашуда орасан үлесін қосуда.

Шымкент: «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында көлік құралын құжатсыз басқарған 368 жүргізуші анықталды. Шымкент Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 19-шілдесінен бастап, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 29 күнінде 30 737 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 749 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Атап айтқанда: техникалық байқаудан өтпеген – 790, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 979 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 4617, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 570, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 115, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 264, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 313, авариялық жағдай туындатқан – 122, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 76, көлік құралын мас күйде басқарған – 87, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 368 жүргізуші анықталды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button