BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы жалдамалы пәтер бағасы бір түнде 500 мың теңгеге бір-ақ көтерілді

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін қосақ арасында кетіп қалудан қорыққан ресейліктердің Алматыға ағылуын күткен пәтер иелері бір түнде баспананың жалдау құнын аспандатып жіберген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік астанадағы жалдамалы пәтер бағасының небәрі 12 сағат ішінде бірнеше есе өскенін арнайы сайттан білуге болады.

Мысал үшін Әуезов ауданындағы бір бөлмелі пәтер бағасына тоқталайық. Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында орналасқан баспананы жалдау үшін айына 280 мың теңге төлеу қажет. Ішіндегі аздаған жиһаздың тозығы жеткеніне қарамастан үй иесі бәрінің пайдалануға жарамды екенін айтып, бәйек болуда. Суретіне қарап дені дұрыс адамның 280 мың теңгеге мұндай пәтерді жалдамасын түсінесің.

«Маған тек пәтерді алуға келіскенде ғана хабарласуларыңызды сұраймын. Анау-мынау сұрақтарға жауап беруге уақытым жоқ», — деп жазып қойған хабарландыру иесі.

Бейсенбінің таңында үйін жалға беретін тағы бір азамат әлеуметтік желіде бағаны көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеді.

«Бір айдан соң бағаны көтеремін. Енді айына 450 мың төлейтін боласыздар. Келіспесеңіздер депозиттеріңізді қайтарамыз. Көрші елде мобилизация жарияланғаннан кейін осылай амалдауға тура келеді. Өзгерістер болса бағаны түсіруім мүмкін. Қазірше жағдай осы…» — деп жазған пәтер иесі.

Сатушылар мен жалға берушілердің хабарландыруы жарияланатын сайттағы мәліметке сүйенсек, Әуезов ауданындағы 1-2 бөлмелі пәтерлерді жалдау құны 200 — 400 мың теңгенің айналасында. Бағаның жоғары немесе төмен болуы үйдің сапасы, ескі немесе жаңа болуына да байланысты.

Алмалы ауданындағы жағдай да осы шамалас. Бір бөлмелі пәтерді сапасына қарай 280 — 370 мың теңге арасындағы сомаға жалдауға болады. Бұл аудандағы үй иелерінің жалға алушыларға қояр талаптары — үй жануарларының болмауы және депозитке ақша салып қою.

Back to top button