Жаңалықтар

«Инновациялық жоба» аясында іске асырылған пилоттық жоба туралы семинар-кеңесі өтті

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы А.Джанбатыровтың төрағалығымен «Инновациялық жоба» аясында іске асырылған пилоттық жоба туралы семинар-кеңесі өтті.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Ауыл шаруашылығындағы ахуал еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігін» баса назарға алып, Ауыл шаруашылығын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамыту тапсырылған болатын.

«Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі.  Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек. Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды.Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет» деді мемлекет басшысы.

Осы жобалардың ішінде бүгін «KARLSKRONA FD LC» ЖШС зауытында шағын сериялы өндірісін ұйымдастыру жолымен мульчирленген топырақ және ашық топырақ бойынша көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін отырғызуға арналған отандық «РПМ-2kz» үлгісіндегі аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасымен таныстырылып, тәжірибие жүзінде көрсетілді.

Нәтижесінде көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі мен түсімділігі артып, жалдамалы жұмысшылар саны мен уақыт.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button