«Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жолда жүру ережелері түсіндірілді

Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аударту мақсатында «Абайлаңыз балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері мектеп мұғалімдерімен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізуде.
Сондай-ақ шара аясында Полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күнделікті жұмыс атқаруда. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан орын алып жатады. Еңбекші АПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары полиция капитаны Е.Шораев пен полиция лейтенанты Е.Ермаханбетов №100 жалпы білім беру мектебінде бастауыш және орта сынып оқушыларына жол жүру ережесін түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізді. Мектеп мұғалімдерімен бірге 1-4 сынып оқушыларына «Абайлаңыз – балалар!» тақырыбында түсіндірме дәріс өткізді.
Бүгінде Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылы басталуына орай «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесімен таныстыру. Іс-шара аясында Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Марлен Әуелов №35 жалпы орта мектебінде 9-11 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы лекциялар оқып, сауалнама жүргізді.

Сонымен қатар, Шымкенттік полицейлер оқушыларға жол ережесін үйретуде. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларды көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдылау мақсатында Шымкент қаласы аумағында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атап айтсақ, №35 жалпы орта мектебіне бекітілген Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Марлен Әуелов бастауыш сынып оқушыларына жол белгілерін ажырата білу, жаяу жүргінші жолағынан өткенде абай болу керектігін түсіндірді. Жас жеткіншектерге жол белгілерін көрсетіп, жол қозғалысы ережелерін үйретті.



