BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан шекарасында ресейлік қашқындар ұсталды

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп, шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады», – деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді.

«Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз», – делінген хабарламада.

Back to top button