Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген. Ағымдағы жылы бұл күн 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
Осыған байланысты, отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылуда. Осы орайда Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қарқынды қызмет атқаруда.
Инспекторлардың негізгі қызметі – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анығына жетіп, тиісті шараларды қолдану болып табылады. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындар арасында профилактикалық сұхбаттар ұйымдастырылып, зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Тәртіп сақшылары егер зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда міндетті түрде 102 қызметіне немесе 111, 150 қауырт желілеріне хабар беруді сұрайды.
«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет. Сондықтан, полиция қызметкерлері олармен өте мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар қолдануы керек» – деді Президент өз жолдауында. Бүгін де қала әкімдігі жанынан зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупінің салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді.



