BasNewsЖаңалықтар

Министрлік далада қалған студенттерді іздестіріп жатыр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі далада түнеп жүрген студенттерге көмек қолын созуға дайын. Ведомства өкілдері бейнежазба авторларын іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторларынан сондай-ақ куәгерлерден департаментке хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда студенттерге қажетті көмек көрсетіледі. Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету бойынша Оперативтік Штаб жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Көмек алу үшін студенттер +77786556083 нөміріне хабарласа алады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар пәтерден заңсыз көшіру немесе тұрғын үйді жалға алу құнының көтерілу фактілері болса, Әділет министрлігінің байланыс орталығына немесе 58-00-58 телефонына хабарласуды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button