МКЗК көрсетуге қатысатын адвокаттардың байланыс деректері Zankomegi.kz сайтында

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында, Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
МКЗК көрсетуге қатысатын адвокаттардың байланыс деректері Zankomegi.kz сайтында https://eup.kz сілтеме бойынша орналастырылған. Азаматтар адвокаттың немесе заң кеңесшінің көмегіне арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүгіне алады. Ол үшін www.eup.kz сайтына кіріп, «қызметтер» бөлігін таңдап, «заңгерді табу» бағанасы арқылы қажетті критерийлерді толтырып, «менімен байланыс» сілтемесіне өту керек. Аз уақыт ішінде азаматпен кері байланыс орнатылады. Дәл осы сайтта «онлайн кеңеске» де жүгінуге болады. Қызметтің бұл түрі хат алмасу түрінде көрсетіледі.
Айта кетейік, заң кеңесшілердің толық тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында орналастырылған.
Сондай-ақ спикер, Шымкент қаласы Әділет департаментінде департамент қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық және этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты хабардар етті.
- Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажеттігі ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында көрсетіледі. Шымкент қаласы Әділет департаменті құрылған сәттен бастап 2018 жылы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілікке тарту деректері болған жоқ. Келеңсіздіктердің алдын алу мақсатындағы жұмыстар құқықтық түсіндіру сипатында болады, сондай-ақ Департамент қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ кез-келген азамат көрсетілген https://forms.gle/eMUMPp6jfYdZdUJJ9 сілтеме арқырылы қысқаша сауалнамаға қатысып, біздің қызметкерлеріміздің жұмысы туралы пікір қалдыра алады.
Бұдан басқа, азаматтардың өтініштерін қабылдау телефоны жұмыс істейді 8(7252) 33-79-29, кез-келген бұзушылық фактілері бойынша қоңырауларды ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне 8(7252) 33-75-98 нөмірі бойынша және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі 8(7252) 33-76-76 телефоны бойынша қабылдайды.



