BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты

Алматы-Кеген-ТЮП автожолының 2-шақырымында болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, 23 қарашада сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы қаза болды. Сонымен қатар, Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Back to top button