BasNewsЖаңалықтар

Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті

Алматыда самокат теуіп келе жатқан тоғыз жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Basnews.kz.

Апат 26 наурызда Бұқар жырау көшесінің бойында болған. Кішкентай қыз қатты соққыдан асфальтқа құлаған.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2009 жылы туған қыз бала шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді, жағдайы ауыр.

«Науқасты толық тексеруден өткізген дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, ісіну, І дәрежелі травматикалық шок диагнозын қойды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Оны жасанды тыныс алу аппаратына қосты»,– деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button