BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,06 теңгеге көтеріліп, 469,17 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы күрт көтеріліп, 67,58 теңге (+1,02) болды.

Еуро мен Ресей рублімен сауда жасалған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 493,74 теңге, рубльді 7,59 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-473 теңге, еуро 490,5-500,5 теңге, ресей рублі 7,27-7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

5 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 1,50%-ға өсіп, барреліне 87,08 доллар болды.

Қаңтардағы WTI фьючерстерінің бағасы барреліне 1,30%-ға өсіп, 81,28 долларға жетті.

Back to top button