BasNewsЖаңалықтар
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға неге «кешігіп» келді?
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні кешке Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайлы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұнда ол ел басшылығымен екіжақты және өңірлік қарым-қатынас пен жаһандық деңгейдегі мәселелерді талқыламақ.
Сапар аясында М.Помпеоның ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.
Айта кетейік, Майк Помпео Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан мен Кипрге 3-7 қаңтар аралығында бармақ болған еді.
Елімізге ол 5 қаңтар күні келуі керек болатын. 2 қаңтарда Мемлекеттік хатшының Қазақстанды қоса алғанда 5 мемлекетке сапары АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігінің алдындағы тәртіпсіздіктерге байланысты кейінге шегерілгені белгілі болды.



