Қарағандыдағы көпқабатты үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты
Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында жарылыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Көпқабатты үйдегі өрт туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 21:29-да түскен. Өрт газ жарылысынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Құтқарушылар пәтерлерден адамдарды эвакуациялап, құтқаруда. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің 88 адамы мен 23 техникасы жұмылдырылған.
ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов жарылыс болған пәтерден қаза тапқан үш адамның мәйіті табылғаны туралы мәлімдеме жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар – екі ер адам және бір әйел. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Эвакуацияланған тұрғындар қонақүйлерге орналастырылады. Кейбіреулер туыстарына кеткен. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер жұмыс істеуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпановтың сөзінше, Қарағандыдағы жарылыс салдарынан 1 адам зардап шекті. Ол 3-қабаттан секіріп кеткен. Қазіргі жағдайы белгісіз.
Көпқабатты үйге газ жүргізілмеген. Үйден барлығы 110 адам эвакуацияланды.
Көз жұмғандардың екеуі ер адам, біреу әйел. Үйдегі өрт толығымен сөндірілді.