BasNewsЖаңалықтар
Қарағанды облысында темір жолда тағы апат болды
«ТЭМК» акционерлік қоғамына қарасты кірме жолдардың бірінде 7 вагон көмір тиеген составтың жартылай вагондарының бірі шойын жолдан шығып кетіп аударылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиға Сұрыптау – Ағадыр жолының Құлайғыр станциясымен түйісетін жерінде болған. Қазіргі уақытта апаттың нақты неден шыққаны анықталып жатыр. Арнайы комиссия құрылған.