BasNewsЖаңалықтар
Джеки Чан қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді, деп хабарлайды BasNews.kz.
Актердың видеожолдауын өзінің instagram парақшасында Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин жариялады.
«Менің есімім – Джеки Чан. Апаттар әдетте қатігез. Бірақ адамдардың жүрегіндегі махабаттың алдында олар да дәрменсіз. Біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Сонда ғана індетке қарсы күресте жеңіп шығамыз. Мықты бол, Қытай! Мықты бол, Қазақстан! Біз біргеміз!», – дейді Джеки Чан.



